Асхат Қанатұлының жаңа оқу жылы қарсаңында барша ұстаздар қауымына арнайы жолдаған хат

Асхат Қанатұлының жаңа оқу жылы қарсаңында барша ұстаздар қауымына арнайы жолдаған хат

Ағымдағы жылдың 18-тамызы күні Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы ретінде / ХАБАР/ телеарнасында түсірілімде болдым. Бағдарламаға өнер жұлдыздары мен білім беру жүйесінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздар қатысты.

Түсірілім бағдарламасының негізгі арқауы, өзекті тақырыбы алдағы жаңа оқу жылының қашықтан оқыту жүйесінде басталатындығы басты назарда болды.

Түсірілім барысында әлемдік індетке байланысты елімізде орын алған карантин шараларына орай білім беру жүйесіне енгізілген қашықтан оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары, оқушылардың техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі, оқушылар мен мұғалімдерде қалыптасқан сандық-ақпараттық құзіреттіліктер дағдысы, ең бастысы еліміздің Бас ұстазы, Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының жаңа оқу жылы қарсаңында барша ұстаздар қауымына арнайы жолдаған хат мазмұны аясында жүргізуші тарапынан қойылған сауалдарға бағдарламаның арнайы қонақтары ретінде ой-пікірімізді, көзқарасымызды білдіріп өттік.

No Comments

Comments are closed.